• 499.31
  • 490.7
  • 5.62

Алматы әуежайында полицейлер 33 жастағы Сербия мен Түркия азаматын ұстады

Алматы әуежайында полицейлер 33 жастағы Сербия мен Түркия азаматын ұстады

ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Алматы халықаралық әуежайында полицейлер 33 жастағы Сербия мен Түркия азаматын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ер адамға Түркия Республикасының құқық қорғау органдары іздеу салған.

2021 жылы күдікті басқа адамдармен бірге Ыстамбұлға теңіз арқылы кокаин есірткі затын жеткізген.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда қашып жүрген қазақстандық ұсталғанын хабарлаған едік. Оған шенеунікке пара берді деген айып тағылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лес