Алматы әуежайында ойыншық деп қымбат тастарды өткізбек болғандар ұсталды

Көлік прокурорлары 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Соңғы жылдары Қазақстанда контрабандаға қарсы күрестің өзектілігі арта түсті, бұған Алматы әуежайындағы кедендік бақылау кезінде анықталған жағдайлар дәлел.

Мысалы, пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар табылды. Көлік прокуратурасының талап-арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңге зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді.

Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды.

Контрабанданы анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!