- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әуежайында мемлекетаралық...
Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды
Көлік полицейлері Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Басылым мәліметінше, желілік полиция басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, мемлекетаралық іздеуде жүрген 62 жастағы қылмыскерді Алматыдағы халықаралық әуежайдың шығарып салу залында ұстаған.
Ресей Федерациясының азаматы РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабы ("Алаяқтық") бойынша қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Көліктегі полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғановтың сөзінше, "Нелегал-2022" жедел-алдын алу шарасының екі күнінде Қазақстан аумағында болу ережелерін бұзғаны үшін 38 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова