Алматы әуежайында қымбат телефондар ұрланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, 15 қыркүйекте бұрын сотталған 27 жастағы қала тұрғыны ұсталған. Ол қызметін пайдаланып, қымбат телефон ұрлаумен айналысқан.
"Ұсталған адам әуе компаниялардың бірінің жүк бөлімінде жұмыс істеп, мамыр мен шілде аралығында Ыстамбұлдан келетін әйгілі марканың смартфондарын ұрлап отырған. Жалпы 33 телефон ұрланғаны анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы - 7 664 315 теңге. Соталды тергеу барысында залал толық көлемде өтелді", - деді полиция.
Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!