Алматы әуежайының баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға қатысты жауап берді, деп хабарлайды Massaget.kz.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйымның бір қызметкері қаза тапқаны нақтыланды.
"Перронның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесінде жазатайым оқиға болды. Алматы әуежайы уәкілетті мемлекеттік органдарға қажетті көмек көрсетіп, жүргізіліп жатқан тергеу аясында олармен өзара іс-қимыл жасап жатыр", - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі тергеу аяқталғанға дейін қосымша мәлімет бере алмайтындарын қосты.
Еске сала кетейік, бүгін көліктегі полиция басқармасы Алматы әуежайында адам өліміне алып келген еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
О. Сансызбай