Алматы әуежайында Қазақстаннан бала әкетпек болған Қытай азаматтары ұсталды

Алматы әуежайында Қазақстаннан бала әкетпек болған шетелдіктер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұл туралы Tengrinews.kz-ке дереккөз хабарлаған. Дереккөз мәліметінше, 11 қарашада Алматы әуежайында Қытайдан келген екі отбасылық жұп Қазақстанда суррогат аналар босанған нәрестелермен ұсталған. Шетел азаматтарының балаларға қатысты құжаттары болған. Алайда, дереккөздің айтуынша, оларды Қазақстаннан шығармаған.

Алматы полициясының пікірі

Алматы Полиция департаменті шетелдік азаматтар ұсталғанын растады.

"Бұл дерекке қатысты Алматы ПД Тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі ("Кәмелетке толмағандар саудасы") бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр", - деді полиция.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз