Алматы әуежайында ер адам өз-өзін өртеген: не белгілі?

Алматы әуежайында ер адам өз-өзін өртеген: не белгілі?
Фото: Видео кадры

25 тамызда кешке Алматы әуежайында ер адам өз-өзін өртеген. Дәрігерлер ер адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, науқасты жедел жәрдем бригадасы қалалық №4 ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған.

"Жағдайы өте ауыр. Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Не болды?

Дүйсенбіде кешке ер адам Алматы әуежайының Т-1 терминалында өзін өртеп жіберді. Полиция өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақырды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Кейін оқиғаға қатысты видео пайда болды. 

Полицияның пікірі

Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, ер адамның мұндай әрекетке баруына азаматтық жұбайымен арадағы жанжал себеп болған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget