Алматы әуежайында ер адам қызметкерді кепілге алды

Фото: Алматы әуежайының баспасөз қызметі

Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адам қызметкерді кепілге алды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда болған.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған кезде, ол қызметкерді пышақпен қорқытқан. 7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Қазір ол қамауға алынды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget