Алматы әуежайында бүлік шығарған жолаушылар қалай жазаланды?

Алматы әуежайында бүлік шығарған жолаушылар қалай жазаланды?

Жақында Алматы әуежайында рейсінен кешігіп келген FlyArystan жолаушылары бүлік шығарды. Бүгін Астанада қазақстандық әйелге қатысты шешім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Іс материалдарына сай, құқықбұзушы Х. Алматы қаласының халықаралық әуежайында мониторды қасақана зақымдаған.

Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін айтты.

ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолдануды көздейді. ▪️ Бұл ретте, ӘҚБтК-нің 50-бабына сәйкес жүкті әйелдерге және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамаққа алу қолданылмайды. 

Х.-ның құқықбұзушылықты алғаш рет жасауы, кінәсін мойындауы және кәмелетке толмаған 3 баласының болуы жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. ▪️ Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен Х. ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан