- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әуежайында Бразилия...
Алматы әуежайында Бразилия азаматы ұсталды
Фото:
ҰҚК
Алматы әуежайында Бразилия азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстады.
Жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жасанды төлқұжат табылды және алынды.
Нәтижесінде шетелдік азамат депортацияланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина