Алматы әуежайында FlyArystan рейсіне кешігіп қалған жолаушылар бүлік шығарды: видео

Алматы әуежайында FlyArystan рейсіне кешігіп қалған жолаушылар бүлік шығарды: видео
Фото: Tengrinews.kz

Рейске кешігіп қалған FlyArystan әуе компаниясының жолаушылары Алматы әуежайында бүлік шығарды. Желіде видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрда бір топ жолаушының тіркеуге арналған орынды қоршап тұрғанын көруге болады. Кейбіреуі айғайлап, техникаларды қирата бастаған.

Әуе компаниясы видеоға қатысты пікір білдірді.

"Видеодағы жолаушылармен болған жанжал шешіліп, олар Астанаға келесі рейспен ұшып кетті. Алайда әуе компаниясы жолаушылар деструктив мінез-құлық үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертеді", - деп хабарлады Fly Arystan баспасөз қызметі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан