Алматы әуежайына кіретін негізгі жол бір аптаға жабылды

Алматы әуежайына кіретін негізгі жол бір аптаға жабылды
Фото: depositphotos.com

Алматы әуежайына кіретін негізгі жол бір аптаға жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

4-11 желтоқсан аралығында Б.Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жолда асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Осыған байланысты уақытша 1-кіру және 2-шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді. Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз", - деп жазылған Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарламасында.

Әуежайдың баспасөз қызметі

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget