21 мамырға қараған түні Алматыдағы Ахметов көшесі жол жұмыстарына байланысты жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ахметов көшесі арқылы әуежайға кіру және шығу мүмкін болмайды. Аталған жол бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
"2025 жылғы 20 мамыр сағат 22:00-ден бастап 21 мамыр сағат 06:00-ге дейін Ахметов көшесінде (№1А ғимаратынан Майлин көшесіне дейінгі бөлігінде) жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған бөлікте көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Әуежайға мына жолдармен жетуге болады:
Бұқтарма көшесі арқылы;
Майлин көшесі арқылы, одан кейін Майлин жағындағы негізгі кіреберіс арқылы.
"Жолаушылардан уақытша шектеулерді ескеріп, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет