Алматы әуежайы аумағына кіреберістердің бірі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Ақсұңқар" қонақ үйі маңындағы пандусқа кіру жолы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. Жөндеу аясында жылыту жүйесі жаңғыртылып, жаңа асфальт төселеді", - деп жазылған хабарламада.
Жөндеу кезінде ескі пандусқа көтерілу жолы жаңа пандусқа ауысады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова