Алматы әуежайы бірнеше сағат ұшып келетін рейстерді қабылдамайды

Бүгін Алматыда қалың қар жауа бастады, мұның салдарынан рейстер кешігіп, әуежай жұмысы тұралап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, қолайсыз ауа райына байланысты ұшу-қону жолақтары уақытша жабылған.

"Қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты Алматы халықаралық әуежайы 2024 жылғы 20 желтоқсан сағат 20:45-тен 23:00-ге дейін ұшып келетін рейстерді қабылдай алмайтынын хабарлайды", - делінген хабарламада.

Ал ұшып кететін рейстерге метеорологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қызмет көрсетіледі.

Алматыдан ұшып кетуді жоспарлаған немесе рейстің келуін күткен жолаушылар кешігіп жатыр. Әуежай қызметкерлері жолаушыларға әуежайдың веб-сайтында рейстерінің жай-күйін үнемі тексеріп тұруды немесе ақпаратты дер кезінде алу үшін әуе компанияларына хабарласуды ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!