Алматыдағы Бостандық ауданында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты суық су беру уақытша ажыратылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Желілер және сумен жабдықтау нысандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты суық су беру ажыратылады.
"5 қазанда сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Малахов - Розыбакиев - Әл-Фараби - Ә.Кекілбайұлы көшелері бойында су беру уақытша тоқтатылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама үшін телефон нөмірі: +7 727 274 66 66", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!