"Алматы-Астана" бағытында қосымша пойыздар іске қосылады

"Алматы-Астана" бағытында қосымша пойыздар іске қосылады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазақстан темір жолы" басшысы Нұрлан Сауранбаев "Алматы-Астана" бағытында қосымша пойыздар қосылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматыдан Астанаға дейін билеттер жоқ. Билетті сату мерзімі 45 күн бұрын ашылады. Өздерінің сапарын жоспарлаған адамдар билетті 40-45 күн бұрын сатып алады. Қазір бұл жағдайға байланысты біз жаңа жылдық кезеңде (жаңа жылға қарай - еск.) "Алматы-Астана" бағытына қосымша пойыздарды қосамыз", - деді Нұрлан Сауранбаев.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пойыздар кешігіп келетінін, вагондар тозғанын білетінін айтқаны хабарланды.

 Жасұлан Ордабаев

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz