- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы-Астана-Ақтау әуе рейсінде...
Алматы-Астана-Ақтау әуе рейсінде күтпеген оқиға болды
Алматы-Астана-Ақтау әуе рейсінде күтпеген оқиға болды: жолаушы ұшақ дәретханасында электрон темекі шеккен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік материал толтырылып, 50 АЕК (172 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады.
Әуе рейсі Астанаға келген кезде жолаушы астана әуежайындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.
Тексеру барысында көлік полицейлері 31 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұшу кезінде ұшақтың дәретханасында электронды темекі шеккенін анықтады.
Ведомство мәліметінше, биыл 10 айда көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әуе рейсінде 537 адам жазаланған. Оның ішінде қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болғаны үшін - 256 адам, ұшақ бортында темекі шеккені үшін - 179 адам, ұсақ бұзақылық үшін - 41 және басқалары бар.
Айта кетеік, бортта темекі шегу өрт қауіпсіздігі нормаларына қайшы келеді. Ұшақта кез-келген ұшқыннан тұтанып кететін тез өртенгіш материалдар көп. Сондай-ақ, темекіден шыққан түтін жолаушылар мен ұшақ персоналына қолайсыздық тудырып, зиянын тигізеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина