Алматы — Алғабас автожолын және 11 үйдің ауласын су шайып кетті

Алматы — Алғабас автожолын және 11 үйдің  ауласын су шайып кетті
Фото: Midjourney нейрожелісі

Алматы облысы Алғабас ауылдық округінің Жаңа талап ауылында жауын-шашынның мол түсуінен жергілікті маңызы бар Алматы — Алғабас автокөлік жолын және 11 үйдің ауласын су шайып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдай 2024 жылғы 23 тамыз күні сағат 16:30-да болған.

Осы автожол бойынша көлік арқылы жол жүру тоқтатылған жоқ. Жылдамдық режимін реттеу мақсатында төтенше жағдай болған жерде жергілікті полиция қызметі жүр.

"Су деңгейі төмендеді, су басу қаупі мен зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда", - делінген Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
       

Көшелер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінен 52 қызметкер және 23 бірлік техника, оның ішінде 15 мотопомпалар жіберілді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан