Алматы - Ақтөбе бағытындағы пойызда ер адам қайтыс болған. Жолаушылар тасымалы АҚ баспасөз қызметі өкілі оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
27 сәуірде Алматы - Ақтөбе бағытындағы №033 жолаушылар пойызында 1966 жылы туған жолаушының денсаулығы күрт нашарлай бастаған.
"Пойыз бастығы алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел медициналық көмек бригадасын шақырған. Медицина қызметкерлері жолаушы қайтыс болғанын тіркеді. Белгіленген талаптарға сәйкес әрбір вагон әмбебап медициналық қобдишамен жабдықталған", - деп жазылған хабарламада.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!