Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: Tn.kz

Алматы әкімі Бауыржан Байбектің орынбасары болып Ерлан Әукенов тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңа қызметте ол индустриалдық-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнес, туризм және табиғатты пайдалану мәселелерімен айналысады.

Әукенов Ерлан Мұратұлы Алматыда дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің экономика факультетін аяқтаған. Ол "Болашақ" бағдарламасы арқылы Халықаралық бизнес академиясын бітірген, Ұлыбританиядағы Бредфорд университетінде менеджер мамандығы бойынша білім алған, мемлекеттік саясат магистрі. 

Әукенов әр жылдары "Самғау" Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің активтерді басқару жөніндегі департаменті директорының орынбасары, білім және ғылым министрінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры қызметтерінде болды, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында жетекші қызмет атқарды, Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде жұмыс істеді. Соңғы қызметі - СҚО әкімінің орынбасары.

Еске сала кетейік, Алматы әкімінің орынбасары қызметінде Ербол Шорманов болған еді. 17 тамызда ол басқа қызметке ауысуына байланысты жұмыстан шықты. Шормановтың жаңа қызметі жайлы мәлімет жоқ.

 
М. Бисембаева