- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әкімінің бұрынғы...
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары "Нұр Отан" партиясына жұмысқа тұрды
Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Зәуреш Аманжолова "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кадрлық тағайындау отырыс барысында бір ауыздан қабылданды. Айта кетейік, Аманжолова партияның қалалық филиалын басқаруға тағайындалған алғаш әйел болып отыр. Ол Кенжехан Матыжановтың орнына келді, ал ол қалалық діни істер бойынша басқармаға басшы болып тағайындалды.
Айта кетейік, Алматы әкімі Бауыржан Байбек Аманжолованы жаңа қызметімен құттықтап, әйелдердің еліміздегі қоғамдық және саяси өмірде рөлдерінің артып келе жатқанын атап өтті.
Еске сала кетейік, осы айда Алматы әкімінің үш орынбасары қызметінен кетті, олардың арасында Зәуреш Аманжолова болды. Ол әкімдікте ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім, балалардың құқықтарын қорғау, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру мен спорт, жастар саясаты, ұлттық мәдени орталықтардың мәселелерін үйлестірді. Сонымен қатар, ұлтаралық қатынастар мен ақпарат саласында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың келісімді қызмет етуін қамтамасыз етумен айналысты.