Артур Нығметов Алматы әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нығметов қызметіне алдағы дүйсенбіден бастап кірісетінін айтты.
Артур Нығметов Батыс Қазақстан Мемлекеттің университетінің тарих факультетін (2007 жылы) және Мәскеу Саяси зерттеулер мектебін (2008 жылы) бітірген. Ол Швецияның мемлекеттік және муниципалдық «SIPU International басқармасында тағлымдамадан өтті. 2008-2012 жылдар аралығында қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында тілші және редактор қызметін атқарды. Бұған дейін "Медициналық технологиялар орталығында" жұмыс істеді.
Еске сала кетейік, 9 шілдеде Алматы әкімі ауысты. "Нұр Отан" партиясының төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Байбек оңтүстік астанаға әкім болып келді. Ал Ахметжан Есімов "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды.