Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі "Орловские бани" нысанының құрылысы туралы ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Медеу жолындағы Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі аумақта құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғаны туралы хабарлама түспеген, нысанның құрылысына жобалау алдындағы құжаттаманы меншік иесі (жеке тұлға) алмаған.
Тексеру барысында учаскеде құрылыс жүргізілмегені расталды, ал "Орловские бани" деген жарнама бар баннер жойылған.
Айта кетейік, сол аумақтағы салынып бітпеген нысан Алматының бұрын жарияланған құрылысы ұзаққа созылған нысандар тізіміне енгізілген.
Басқарма мәліметінше, құрылысы тоқтаған нысанда заңбұзушылықтар анықталған және нұсқама талаптарын елемеген жағдайда сот талқылауынан соң кезекті жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
Бұрын меншік иесі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жоспардан тыс тексеру барысында берілген нұсқаулық толықтай орындалмаған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!