- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әкімдігі мейрамхананың...
Алматы әкімдігі мейрамхананың жазғы террасасын бұзатын болды
Алматының орталығындағы "Чачапури" мейрамханасының жазғы террасасы заңсыз тұрғызылған. Қала тұрғындарының өтініші бойынша Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қала құрылысын бақылау басқармасы Абылай хан даңғылы, 107 мекенжайдағы тұрғын үйге қосалқы салынған нысанды және жазғы алаңға тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Тексеру нәтижелері бойынша жалға алушы "Матадор" ЖШС" Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 322-бабы 1, 319, 323-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды, басқарма меншік иесі мен жалға алушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа және мемлекеттік қор аумағында орналасқан заңсыз салынған жазғы алаңды бұзу туралы ауданаралық экономикалық сотқа талап арыздар берді", - делінген хабарламада.
Басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды, алайда Алматы сотына апелляциялық шағым түсті. Сот процестері 2023 жылғы 25 сәуірде аяқталды – апелляциялық соттың қаулысымен сүру туралы шешім өзгеріссіз қалды. Құлату жұмыстары 12 мамырында сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан