- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әкімдігі "Қала...
Алматы әкімдігі "Қала күніне" орай көшелерді қанша теңгеге безендірмек?
17 қыркүйекте Алматы тұрғындары "Қала күнін" атап өтеді. Оңтүстік астанада бұл күні дәстүрлі түрде концерттер, жәрмеңкелер, фестивальдер мен басқа да мәдени іс-шаралар өткізіледі. Осыған орай Алматы әкімдігі мереке құрметіне "эстетикалық безендіру" бойынша біршама миллион теңгеге татитын екі тендер жариялады. Factcheck.kz редакциясы бұл тендерлерді зерттеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыны мерекелерге кім дайындайды
Мемлекеттік мерекелерге дайындық пен қаланы безендіруге әкімдікке қарасты ведомство Алматы қаласының мәдениет басқармасы жауап береді. Оны 2020 жылы желтоқсанда бұрынғы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тағайындаған Ғани Майлыбаев басқарады.
2021 жылғы желтоқсанда мемлекет бюджетінен 224 миллион теңге бөліне тұра, қала Жаңа жылға безендірілмегендіктен, шу шығып, алматылықтардың есінде қалған еді. Сол кезде билік қаладағы негізгі алаңдарға шырша қоюмен шектелген.
Алматыны безендіру тендерін Clover media group ЖШС жеңіп алған. Ол сол жылы Ақтауда 15,4 миллион теңгегепластик қызғалдақ орналастырған. Жергілікті тұрғындар туристерді тарту үшін жасалған инсталляция жұмыс істемейтінін және құлағалы тұрғанын айтып шағымданған. Тура сол компания 2021 жылғы желтоқсанда "Жаңа жыл құтты болсын" деген жазуы бар мерекелік инсталляция қойған.
Оңтүстік астана тұрғындарының сынынан соң Майлыбаев Алматы о баста COVID-19 тарауына байланысты Жаңа жылға қарай безендіру туралы шешім болмағанын айтты. Алайда қала "жасыл аймаққа" енген соң, шұғыл түрде тендер ұйымдастырып, "осы компанияның (Clover media group ЖШС) концепциясы лайық деп танылған". Сол кезде шенеунік әкімдік безендіруге әдеттегіден аз қаржы жұмсағанын, болашақта ескі декорацияларды қолданатынын айтып мақтанған. Алайда 2022 жылғы желтоқсанда Алматыны безендіруге шамамен 600 миллион теңге жұмсалған.
Қаланы қалай безендіру жоспарланып отыр?
Оңтүстік астананы безендіру бойынша бірінші тендерді Алматы мәдениет басқармасы 2023 жылғы 26 шілдеде жариялады. Мемлекеттік сатып алу порталы дерегінше, ведомство қаланы жарық конструкцияларымен безендіруге 68,6 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Материал жазу барысында тендер ойнатылмады және өтініш қабылдау статусында тұр. Оның уақыты 19 тамызда аяқталады.
Техникалық талаптарға сәйкес, әкімдік қызметкерлері негізгі көшелер мен халық көп жиналатын жерлерді жарықтандырмақ. Жол жиегінде жарықдиодты гирляндалар мен неоннан 1,2 метрден 10 метр болатын 29 жарық аркасы қойылады; қаланы жарықтандыру тіректеріне ұзындығы 1,6 метр, биіктігі бір метр болатын 58 жарық кронштейні қойылады. Ал серуендеуге арналған алаңдарға 5* 3 метр болатын алты кіші архитектуралық пішінмен безендіріледі.
Өкінішке қарай, декорация эскиздері тендер сипаттамасында көрсетілмеген. Мұны олар тапсырыс алушы өзі жасауы керек және ұйымдастырушыға келісімшартқа қол қойған соң 5 күннен кейін береді деп түсіндірді. Сонымен қатар жеңімпазда екі гидрокөтергіш, екі бортты автокөлік және жүк таситын автокөлік типті "манипулятор" болуға тиіс. Еңбек ресурсынан әкімдікке екі монтажшы, екі электрик, еңбекті қорғау маманы, вакуумды станокпен жұмыс істеу маманы, фрезерлі станокпен жұмыс істейтін маман, дизайнер мен архитектор керек.
Жұмысты істеп болған соң тапсырыс алушы орнатылған объектілердің фотосы мен видеосын ұсынады.
Алматыны "Қала күніне" қарай безендіруге арналған екінші тендер 2023 жылғы 9 тамызда жарияланған. Ол да әлі аяқталған жоқ, өтініш қабылдау уақыты 31 тамызда аяқталады. Осылайша әкімдік жалпы 137,1 миллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр.
Шенеуніктер жоғарыда айтылған безендіру жеткіліксіз деп шешкен сияқты және олар өтпелі жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған көшеде QR-коды бар 14 "тақырыптық конструкция" орнату туралы шешім қабылдапты. Сонымен қатар, халық көп жүретін жерлерде локацияға екі данадан үш метрлік МАФ; ЭКО қозғалысты насихаттайтын фотозона мен үш көшені "жарық аспан" гирляндасымен безендіру керек деп шешкен.
Мұның бәрі қандай орындарда орнатылатынын білу мүмкін емес, себебі тапсырыс беруші мекенжай анықтамасын ұсынбаған. Шенеуніктерге тапсырыс алушының 10 адамды таситын автобусы, жүк таситын үш автокөлігі болғаны керек екен. Ал жұмысшылар қатарында үш оператор, үш жүргізуші, бригадир, өндіріс директоры, екі электрик, алты жұмысшы болуы керек. Бәрінің бір жылдан екі жылға дейін жұмыс өтілі болуға тиіс.
Болашақ декорацияның мекенжайы мен эскиздері де ұсынылмаған, себебі техсипаттамада безендіру қаланы безендіру концепциясына сәйкес тапсырыс беруші тапсырмасына сәйкес жүргізіледі.
Проблема неде?
Бұл тендерлердың ерекшелігі - алдыңғы жылдары әкімдік Алматыны "Қала күніне" безендіруге мұндай көп ақша бөлмеген. 2016-2019 жылдары жергілікті билік қаланы безендіруге тек бір тендерді бірден бірнеше мемлекеттік мерекеге арнайы өткізген.
2016 жылы мәдениет басқармасы 14 мемлекеттік мерекеге орай безендіруге 291 миллион теңге бөлген. Оның қатарында Конституция күні, Тәуелсіздік күні, Наурыз, Жаңа жыл, "Қала күні" және басқалары бар. 2017 жылы Алматыны 12 мемлекеттік мерекеге безендіруге 351,3 миллион бөлінген. 2018 жылы оңтүстік астананы Наурыз, Жеңіс күні, Қала күні мен Жаңа жыл секілді төрт мемлекеттік мерекеге безендіруге 269,6 миллион бөлінген. 2019 жылы тура сол мерекелік безендіруге 405 миллион теңге қарастырылған.
2020 жылы Алматы билігі ондай тендер өткізбеген. Коронавирус жағдайына байланысты мерекелік шаралар онлайн режимге ауысқан. Десе де, мәдениет басқармасы қалалық іс-шараларға 81,5 миллион теңге бөлуге ниеттенген. Тендер бірден 13 мемлекеттік мерекені қамтыған.
2021 жылы мәдениет басқармасы "қала шараларына арналған алаңдарды дыбыс және жарық құралдарымен безендіруге" 42 миллион теңге бөлген. Оның түрлері нақтыланбаған.
Мерекелерді ұйымдастыруға қаржыны бөлек қарастыру тәжірибесі осы кезден басталған сияқты. Бұған дейін айтқандай, 2021 жылы тек Жаңа жылға 224 миллион теңге, 2022 жылы - 600 миллион теңге бөлінген.
2022 жылғы жазда жағдай осыған ұқсас болды. Әкімдік қаланы эстетикалық безендіруге 2 тендер өткізді. Бірінші тендер 21 шілдеде жарияланды. Онда билік қаланың видео-декорациясына, архитектуралық жарықтарына, арнайы декорациялары мен жарықтарға 66,9 миллион теңге бөлген. Сахна орнату, LED-экрандар мен шоу эффектілеріне қосымша 66,9 миллион теңге берілген. Жалпы билік 133,8 миллион теңге жұмсаған, бірақ қаржы тек қаланы безендіруге кетпеген.
2023 жылы "Қала күніндегі" декорацияға алдыңғы жеті жылға қарағанда көп қаржы жұмсалғалы тұр. Біз осы күндері қалада өтетін концерт пен фестивальдер шығынын есептеген жоқпыз, себебі Алматы билігі оған бөлек тендер өткізеді. Мысалы, әзірге биыл әкімдік Almaty cover show концертіне 67,7 миллион теңге, Apple fest 2023. Фестиваліне 68,4 миллион теңге жұмсауды жоспарлағаны белгілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек