- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әкімдігі жылыту...
Алматы әкімдігі жылыту маусымына қатысты мәлімдеме жасады
Алматыда мегаполис әкімінің тапсырмасы бойынша энергетикалық инфрақұрылымның 2023-2024 жылыту қысқы кезеңіне дайындығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар басталды. Бүгін барлық қазандық 100 пайыз дайын. Қалалық шаруашылықтың жылыту маусымына дайындығы қамтамасыз етілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматыда жылыту маусымы қарсаңында 9 ірі және 75 шағын қазандыққа жөндеу жұмыстары аяқталды. АЖКЭ қалалық қазандықтарынан барлығы 141 мыңнан аса тұтынушы жылумен қамтамасыз етіледі.
Жылу генерациялау нысандарын жоспарлы реконструкциялау аясында жылуаралық кезеңде 7 қазандықта 12 су жылыту қазандығы, 19 қазандықта 41 айналмалы механизм (түтін сорғылары мен сорғылар) ауыстырылды. Медеу және Түрксіб аудандарындағы 3 жалпы білім беретін мектепті, 2 балабақшаны және 1 Қалалық клиникалық аурухананы жылытатын 4 қазандыққа жаңа жабдық орнатылды.
Биыл жыл аяғына қарай Алматыда қазандық жабдықтарының тозуы 1,2 пайызға азаяды.
"Сонымен қатар, қазандықтарды уақытылы реконструкциясы мегаполистің экологиясына жағымды әсер етеді. Бүгінде жылу энергиясын өндіру үшін АЖКЭ қазандықтары, бір жергілікті қазандықты қоспағанда, тек табиғи газды пайдаланады. Мониторингке сәйкес, көгілдір отынды пайдалану кейінгі 5 жылда атмосфераға шығарындылар көлемін 2 еседен аса азайтты", - деп хабарлайды "Алматытеплокоммунэнерго" ЖШС.
Кесте бойынша "АлЭС" АҚ энергия жабдықтарын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. ЖЭО-2 және Каскад ГЭС биыл қарашада жөндеуді аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, екі нысанда жаңғыртуды жалғастыру жылу беру көздердің маусымға дайындығына әсер етпейді. Яғни, жұмыс параллель жүреді.
Қазір көмір мен мазуттың жоспарлы жинақталуы жүріп жатыр. Газ ЖЭО-1 мен батыс жылу кешенінің бұрылысы басталғаннан бастап қажетті мөлшерде пайдаланылады.
- Ганди көшесі бойындағы Қозыбаев көшесінен Бостандық ауданындағы Оңтүстік-шығыс аудандық қазандығына (Қаратаев көшесі, 38Б) дейінгі жылу магистралін;
- Есенов-Колпаковский көшесіндегі Раскова көшесінен Жетісу ауданы №14 лицей мектебінің ғимаратына дейінгі жылу желілерін;
- Уәлиханов көшесінен Медеу ауданы Абдуллиндер көшесіне дейінгі Қазыбек би көшесіндегі жылу желілерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды.
- Жолдардағы шектеулер алынып тасталды.
Жүргізілген жұмыстар қалалық қазандықтарда штаттан тыс жағдайлардың туындау қаупін барынша азайтады, олар өндіретін жылу сапасын арттырады, техниканың тозу пайызын айтарлықтай төмендетеді, оған қызмет көрсету мен жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Қалада үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жөндеу жұмыстары да аяқталды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ең пайдалы ет түрлері қандай?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек