Алматы әкімдігі жиектастарға қатысты уәде берді

Алматы әкімдігі жиектастарға қатысты уәде берді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қалалық мобилділік басқармасы жиектастар бүлінген жағдайда ғана ауыстырылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол пайдалану барысында көбіне жол апаты мен ауыр техниканың жұмысы салдарынан жарылып немесе жылжып кетуі мүмкін. Жиектастар мен жол жабыны арасындағы жарықтар асфальттің тез құртылуына әкеп соғады.

Алматы әкімдігі

"Мұндай мәселенің алдын алу үшін жаңа асфальт төсемес бұрын барлық жиектас тегістеледі, бұл үдеріс "тегістеу" деп аталады. Бүтін жиектастар қайта орнатылады, ал бүлінген жиектастар ауыстырылады. Көше жөндеу жұмыстары барысында жиектастардың шамамен 3%-ы ғана жаңартылады. Райымбек даңғылында BRT желісі салынған кезде де зақымданған жиектастар ғана ауыстырылады. Нақты саны ақауды анықтау кезінде белгілі болады", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі Райымбек даңғылы бойынша өтетін BRT құрылысы басталатын мерзімді жариялады.

23 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек даңғылында қаладағы ең ірі көлік жобасының бірі BRT желісін іске асыру жұмыстары басталады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget