- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әкімдігі баспана...
Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді жария етті
Алматы әкімдігі баспана сатып алуға болмайтын тағы бір тұрғын үйді жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала құрылысын бақылау басқармасы интернет-ресурстардың мониторингі барысында Достық даңғылы 170/1 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінде пәтерлерді сату туралы хабарландыруды анықтады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қала тұрғындарына осы мекенжай бойынша тұрғын үй кешенінен жылжымайтын мүлік сатып алудан бас тартқан жөн.
Меншік иесі бұл учаскеде сәулет-жоспарлау тапсырмасы болған КТЖ нысаналы мақсатымен құрылысты 2005 жылы бастаған, содан кейін нысан бірнеше жылға тоқтатылған.
Кейін жер учаскесі басқа меншік иесіне берілді, ол сол учаскеде заңсыз стационарлық емес сауда объектілерін тұрғызды. Басқарма меншік иесіне қатысты заңсыз сауда павильондарын бұзуға талап арыз берді. 2023 жылғы 2 мамырда сауда нысандарын бұзу туралы шешім қабылданды. Сот шешімінің заңды күшіне енуі күтіледі.
Медеу аудандық сотына жылжымайтын мүлікке, ҚМЖ жүргізуге және рұқсат құжаттамасын беруге тыйым салу бөлігінде талап қоюды қамтамасыз етумен ғимараттың өзін бұзуға тағы бір талап арыз берілді. Сот процестері әлі де жүргізіліп жатыр, сот-құрылыс сараптамасы тағайындалды.
Жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын салынып жатқан ТК-ны қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісінің нөмірі бойынша құжаттардың толық пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынамыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек