Instagram әлеуметтік желісіндегі Алматы әкімдігінің ресми парақшасы 2 ай бұрын ғана іске қосылған болатын. Алайда осы уақыт аралығында 24 мың белсенді оқырман жиналып үлгерген.
@akimat_almaty парақшасы қала тұрғындары мен әкім арасында алтын көпір орнатты. Қолданушылар тесілген жол, ластанған алаң сияқты мәселелерді парақша арқылы мәлімдейді.
Осы уақытқа дейін әкімдік қызметкерлері 100-ден астам сұраныс талабын орындаған. Жұмыс орындалғаннан кейін есеп беру ретінде парақшада фотолар жарияланады.
14 қыркүйек күні Алматы әкімдігі қала тұрғындарымен жеңіл байланыс түрін орнату мақсатында Instagram желісінде @akimat_almaty ресми парақшасын іске қосқан болатын.
Дереккөз: BNews.kz