Алматыда билбордқа бөлінген 649 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қала прокуратурасы мәліметінше, 2004 жылдан бастап 2020 жылға дейін Алматы әкімдігі жалпы пайдаланудағы жерлерді тізімнен заңсыз алып тастап, билбордтарды пайдалану және қызмет көрсету үшін сауда-саттық өткізбей, жер учаскелерін жеке меншікке берген.
Осылайша жер заңнамасы талаптары бұзылған.
"Сот Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің талап-арызын қанағаттандырды. Жеке меншіктегі 649 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова