- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы әкімі Назарбаевқа...
Алматы әкімі Назарбаевқа есеп берді
Алматы әкімі Бауыржан Байбек ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өз жұмысы жайлы есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Бауыржан Байбек қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы боынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы есеп берді. Нақтырақ айтсақ, негізгі азық-түліктің бағасының қымбаттамауына, тиімді оқу процесін ұйымдастыруға бағытталып жасалып жатқан жағдай, жылыту маусымына дайындық жайлы айтып берді.
Сонымен қатар, Бауыржан Байбек алматылық кәсіпкерлердің өз өнімін "ЭКСПО-2017" көрмесінің нысандарының құрылысына өткізуді қарастыратын, жалпы сомасы 10 миллиард теңгеге меморандумға қол қойылғанын мәлімеді. Осындай жолда алдағы Универсиаданың нысандарына да өнім жеткізудің жоспарланып отырғаны айтылды.
Сонымен бірге, Алматы әкімі биылғы шілдеде жүрген селдің салдарын жою бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы хабарлады. Нақтырақ айтсақ, сәйкес төлемақылардың жасалғаны, аймақты тазалау жұмыстары жүргені, Қарғалы өзенінің арнасын бекіту бойынша шаралардың жүргізілгені айтылды.
Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламасының аясында жақын уақытта қалалық мектептер мен ауруханалардың қаржы есептерінің жариялануы тәжірибесін енгізудің қарастырылғанын атап өтті.
Алматы әкімі халықпен байланыстың орнатылғанын атап өтті, сонымен бірге, қаланың 2020 жылға дейінгі даму Стратегиясын құрастырудың басталғанын, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімін қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттер жайлы баяндады. Кездесудің қорытындысы бойынша, Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар берді.