- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алмат Сақатов: "Тұрсынбек...
Алмат Сақатов: "Тұрсынбек сомдаған Абай сәл оқымаған, өлең жазбаған болып шығады"
Актер Алмат Сақатов театр әртісі мен квнщиктерді араластырып, шатастырмау керек екенін айтты. Тіпті көп жайдарманшыларды актер деп мойындамайтынын жеткізді. Бұл туралы ол El kz ақпараттық порталының YouTube желісіндегі "Базарlike" бағдарламасына берген сұхбатта айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Квнщик болмасада көшеде жүрген балаларды да актер қылып жатыр. Мен оларға қарсы емеспін бірақ актерлік шеберлікті оқу керек. Тым болмаса 5-6 ай оқитын шебердің қолынан өту керек. Киноға анау блогер ел таниды деп алып келді. Мен өзім көрдім бір блогерді. Режиссер оған басты рөлді беріп қойған. Ертең қиын болады дедім бірақ ойнады. Дегенмен маман иесі болмағандықтан оның қолынан келмейтіні, дубль қайта-қайта болды" , - дейді актер.
Актер оқыған нағыз маман иелері ғана кино саласында жүрсе дейді.
"Мен мысалы Тұрсынбекті білемін бірақ оның ар жағындағы түйсігі басқа. Оған кез келген рөлді берсең, жылайтын, қуанатын тіпті Абайдың рөлін берсеңде ойнай алады. Бірақ ол сомдаған Абай сәл оқымаған, өлең жазбаған Абай болып шығады" , - дейді Алмат Сақатов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы