- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алмасадам Сәтқалиев министр...
Алмасадам Сәтқалиев министр лауызымында қалды
Алмасадам Сәтқалиев министр лауызымында қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Энергетика министрі лауазымына Сәтқалиев Алмасадам Майданұлының кандидатурасы келісілді", - делінген жарлықта.
Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Назарбаев университетінің жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің жоғары бизнес мектебін бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы жеке секторда бастаған.
1997-2001 жылдары "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді.
2001-2006 жылдары KEGOC АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.
2006-2007 жылдары KEGOC АҚ бойынша топ жетекшісі, "Самұрық" АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді.
2007 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
2007-2011 жылдары "KEGOC электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания" АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды.
2011-2012 жылдары "Самұрық-Қазына" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.
2012-2018 жылдары – "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы.
2018-2021 жылдары KazEnergy ЗТБ төрағасының орынбасары, "Самұрық-Қазына" АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.
2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін – "Самұрық-Энерго" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы.
2023 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан