- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алманың барлық пайдасын...
Алманың барлық пайдасын денеге сіңіру үшін оны қалай жеу керек?
Ғалымдар алманың барлық пайдасын денеңе сіңіру үшін оны қалай жеген дұрыс екенін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алманың пайдалы қасиетін алу үшін оның шырынын ішкен дұрыс. Ал шырынды белгілі бір жолмен сығып алатын болса, денсаулыққа әлдеқайда пайдалы екен. Бұл жаңа әдіс табиғи өсімдік қосылыстарын, антиоксиданттарды, полифенолдарды төрт есе көп сақтауға мүмкіндік береді. Алма шырынын оттегін кетіретін бұрамалы сүзгі сыққыш арқылы алу керек. Ғалымдардың сөзінше, жемістен шырын сығу кезінде оттегі болмаса, оның пайдасы да көбірек болады.
"Әдетте қоректік заттар алма шырынындағы флаван-3-ола немесе С дәрумені сияқты кейбір қоректік заттарды тез бұзатын оттегінің болуына байланысты жылдам жоғалады", - деп түсіндірді зерттеудің жетекші авторы Стефан Дуслинг Research International журналына берген сұхбатында.
Ал бұған дейінгі зерттеу нәтижелеріне сәйкес, флаван-3-оланың қан қысымын, холестерин концентрациясын және қандағы қант деңгейін жақсартуға көмектеседі.
Айта кетейік, бұған дейін жасыл алма мен қызыл алма айырмашылығы қандай екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әдемі қыз аттары
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә