22 қарашада қазақстандық Бекзат Алмахан мен Асу Алмабаев Қатарда өтетін турнирде жекпе-жектерін өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бекзат Алмахан жеңіл салмақта UFC-дің бұрын жеңілмеген чемпионы Илия Топурияның ағасы, испания-грузин спортшысы Александр Топуриямен октагонға шығады. Бұл жекпе-жек шамамен Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Ал Асу Алмабаев UFC-дің америкалық ардагері Алекс Переске қарсы күш сынасады. Олардың жекпе-жегі Қазақстан уақытымен 23:00-ге жоспарланған.
Қазақстандық спортшылардың жекпе-жектерін Setanta Qazaqstan телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Сондай-ақ, Алмабаев пен Перестің жекпе-жегін "Кинопоиск" сервисінен де көре аласыздар.
Бұған дейін Бекзат Алмахан мен Асу Алмабаев Қатардағы турнир алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өткен болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!