- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алло". Журналист министрге...
"Алло". Журналист министрге ескерту жасады
Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң журналист ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Отырыстан кейін БАҚ өкілі министрге "Шегірткеден залал келмеді деп айттыңыз. Алайда сіздер ақбөкеннен келген шығынды есептей алмай отырсыздар..." деп өзекті мәселені көтерді.
Айдарбек Сапаров бұл мәселелерді бір-бірімен салыстыруға келмейтінін жеткізді.
"Шегіртке мен киіктерді салыстырмайықшы. Себебі, екеуі басқа. Әзірше шегірткеден шығын келген жоқ. Егер шығын келсе... Алло, бола ма?", - деді ведомство басшысы.
Журналист министрге ескерту жасады.
"Кешіріңіз, сіз неге өзіңізді олай ұстайсыз? Алло деген не?", - деді ол.
Ведомство басшысы кешірім сұрады.
"Мен өз адамдарыма айтып жатырмын. Сізге айтқан жоқпын. Кешірім сұраймын", - деді Айдарбек Сапаров.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Есен