- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аллея аумағында жүрген"....
"Аллея аумағында жүрген". Нұр-Сұлтан көшелерінен иесіз жылқылар табылды
Нұр-Сұлтан көшелерінің бірінен иесіз жылқылар табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, 12 тамызда сағат 08:30 шамасында Абылай хан даңғылы бойындағы аллея аумағында төрт жылқы жүрген. Оқиға орнына полицейлер, әкімдік және ветеринария қызметкерлері барған. Осылайша, жылқылар қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау пунктіне жеткізілген. Ауыл шаруашылығы жануарлары базасындағы жылқы чиптерін тексеру барысында олардың Ақмола облысы Аршалы ауданының тұрғынына тиесілі екені анықталған.
Кейінірек мал иесі табылған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 386-бабы және 406-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Жануарлар иесіне қайтарылған.
Ж. ҚадыржановаПосмотреть эту публикацию в Instagram