- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Аллерголог кімдерге бұршақ...
Аллерголог кімдерге бұршақ жеуге болмайтынын айтты
Аллерголог, иммунолог Елена Парецкая бұршақты тұтынғанда кімдерге сақ болу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, бұршақ құрамында ағзадағы зәр қышқылының деңгейін жоғарылататын пурин мөлшері көп. Оның артық болуы буын ауруына, бүйрек тасы пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
"Сондықтан қартайған шақта және пурин алмасуы бұзылған кезде оны шектеу керек. Нефриттен және ас қорыту патологиясы өршитін холецистит, асқазан жарасы секілді аурулардан зардап шегетін адамдарға тағамға бұршақты сақтықпен қосу керек", - дейді маман.
Елена Парецкая тітіркенген ішек синдромы және геморрой кезінде, сондай-ақ, жүктілік кезінде бұршақты тұтынбау керек екенін жеткізді. Ол ас қорыту кезінде ішті кептіреді екен.
Алайда сарапшы бұршақтың пайдалы қасиеттері де жеткілікті екенін айтты. Оның құрамындағы А дәрумені мен бета-каротин зақымдалған тіндердің жазылуын тездетуге және гормоналды жүйенің жұмысын түзетуге көмектеседі. С дәрумені қан тамырларын нығайтады және иммунитетті қорғайды, ал В дәрумені ағзадағы зат алмасу процестерін қалыпқа келтіреді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова