- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аллаху акбар" деп...
"Аллаху акбар" деп айғайлаған". Полицейлер Алматыда түнде болған шуға қатысты пікір білдірді
Полиция 19 ақпанда түнгі уақытта Алматының Алмалы ауданында жарық өшіп, әлдекімдердің "Аллаху акбар" деп айғайлауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы қалалық ПД полицияға түн ортасында тыныштықты бұзу туралы дабыл түскен. Электр қуаты сөнген кезде студенттер жатақханасында тұратын жоғары оқу орындарының бірінің студенттері көшеге шығып, петардаларды жарып, айғайлап, ысқырып, сол арқылы жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының тыныштығын бұзған.
Бұған жол берген жатақхана коменданты ҚР ӘҚбК-нің 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Университет басшылығымен бірлесе отырып, студенттер арасында құқықтық-түсіндірме әңгімесі жүргізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина