- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Аллаға қарсы шықтың":...
"Аллаға қарсы шықтың": Белгілі дәрігер Арай Төлемісова күйеуімен жолы неге екіге айырылғанын айтты
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Арай Төлемісова ADAL Adam Youtube арнасына берген сұхбатында отбасылық өмірінде болған келеңсіз оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен үнемі Алла деп жүремін. Өйткені мені қолдайтын бір Алла. Одан кейінгі қолдаушыларым әке-шешем болды. Алланы адам жүрегімен жақсы көруі керек, тілмен емес. Мен Алланы жүрегіммен жақсы көрем. Менің жолдасым болған. Сол кісі Алланың жолына түсті, намаз оқыды. Қуандым, дұрыс. Бірақ бір күні екі сөзінің бірі "Алла" болып кетті. Үйде одан басқа да тіршілік бар, ғылыми жұмысымыз бар. Бірде дастархан басында "Алласыз тамақ іше аламыз ба?" дедім. Сол кезде столды төңкеріп тастады, мені қарғады. "Сенің аузың қисайып кетсін", "Аллаға қарсы шықтың, өйтіп кет, бүйтіп кет" деді. Ал мен "Аллаға қарсы келсем, жолда мәшінмен төңкеріліп қалайын, жолымды кесіп тастасын, мені ары қарай өсірмесін" дедім. "Бірақ мен Алланы сен сияқты ауызбен емес, жүрекпен жақсы көрем, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін өмір көрсетеді" дедім. Содан екеуміздің жолымыз екі жаққа кетті. Қазір уақыт көрсетті. Оның кім екенін, менің кім екенімді. Алла мені қолдады. Бүгінгі жетістігімнің бәрі Аллаға деген сенімімнің арқасы. Мен сырымды, жоспарымды Аллаға айтам, тілеймін", - деді Арай Төлемісова.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева