Ақын Сара Тоқтамысова қызы Сүйкімдінің 1 жасқа толған туған күнінде дүркіретіп той жасады. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сондай-ақ, ол қызын Меккеге барып, күйеуімен бірге Алладан сұрап алған перзенті екенін айтты.
"Жолдасым екеуміз Меккеге барып Қағбаны айналып алақанымызды жайып Алладан тілеп алған қызымыз ғой7 Бүгін қызығын жақындарымызбен бөлісіп жатырмыз. Отбасы деген қара орманда түрлі-түрлі сүрлеулі жолдар бар. Сол жолдарды жұбайлар қол ұстасып бір-біріне қолдау болып жүре алса ғана адаспайды. Жемісін жей алады", - деп жазды ол.
Ақынның қуанышына ортақтасып, өнердегі әріптестері тойға жиналды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!