- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Алладан тілеп алдық"....
"Алладан тілеп алдық". Ақын Сара Тоқтамысова орындалған арманы туралы айтты
Фото:
Әлеуметтік желіден
Ақын Сара Тоқтамысова қызы Сүйкімдінің 1 жасқа толған туған күнінде дүркіретіп той жасады. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сондай-ақ, ол қызын Меккеге барып, күйеуімен бірге Алладан сұрап алған перзенті екенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жолдасым екеуміз Меккеге барып Қағбаны айналып алақанымызды жайып Алладан тілеп алған қызымыз ғой7 Бүгін қызығын жақындарымызбен бөлісіп жатырмыз. Отбасы деген қара орманда түрлі-түрлі сүрлеулі жолдар бар. Сол жолдарды жұбайлар қол ұстасып бір-біріне қолдау болып жүре алса ғана адаспайды. Жемісін жей алады", - деп жазды ол.
Ақынның қуанышына ортақтасып, өнердегі әріптестері тойға жиналды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы