Жуырда әнші Төреғали Төреәлі тағы да сәбилі болды. Өнер иесі әлеуметтік желіде нәрестенің жынысын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші өмірге келген сәбиіне ТөреАхмет деген есім берген.
"Өмірге келді тағы бір Ахмет,
Құдайдың мұнысына рахмет.
Алладан өзім барып сұрап алғам
Мұхаммедтің басында дұға тілеп.
Атасы ТөреАхмет деп атын қойды
Ахмет Мұхаммедтің бір аты деп.
Ахмет Байтұрсынов атасындай
Алаштың көзін ашар жыр оқы деп.
Бұны бірақ кенжем деп ойламаймын
Талаптанып көремін бір екі рет!" - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары сәбиге ұзақ ғұмыр тіледі.
"Балапан дені сау азамат болсын", "Бауы берік болсын", "Керемет көрініс, Алла жар болсын", "Құтты болсын", - деді олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз