"Алла тағаладан айырмай тұра тұршы деп сұрадым". Жазира Байырбекова анасы туралы айтып, көзіне жас алды

"Алла тағаладан айырмай тұра тұршы деп сұрадым". Жазира Байырбекова анасы туралы айтып, көзіне жас алды
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова анасының денсаулығына алаңдаулы. Тіпті өнерпаз анасын Алматыға көшіріп алған. Бұл туралы ол "Жақсы адамдарым" бағдарламасыга берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Анасының сырқат күйін көріп, шыдамаған өнер иесі бүгінде бар бос уақытын анасына арнауға тырысатын әртіс оның қазіргі жағдайы туралы айтты. 

"Анам алдында бір қорқытып қойды. Қазір енді Аллаға шүкір жақсы. Бір үлкен ойдан, күйзелістен өттім десем болады. Жоғалтып алам ба деп қорықтым. Сол кезде көптеген ой сүзгіден өтті. Маған анама қараған, уақыт бөліп, жолдан шаршап келсем де ол кісіге хабарласқан ұнайды екен. Алла тағаладан "сол нәрседен айырмай тұра тұршы" деп сұрадым. Сол сұрағанымды берді", - дейді әнші.

Өнер иесі сұхбат кезінде анасының жағдайы туралы айтып жатып, көз жасына ерік берді.

"Қазір өзімізге жақын жерде Алматыда тұрып жатыр. Анамның мінезі өте жұмсақ. Біреу біреуге қатты сөз айтса, анам шетте отырып қиналып кететін. Өзіне қатысы жоқ болса да, жүрегіне жақын қабылдап қалатын. Сол себепті, қазір біз анамыздың қасында артық сөз айтпаймыз. Денсаулығына байланысты оны балаша мәпелеп отырамыз", - деді Жазира Байырбекова. 

Айта кетейік, бұған дейін әнші Жазира Байырбекова эксклюзив сұхбат берген болатын. Толығырақ сұхбатты сілтемеге өтіп оқи аласыз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Е. Ерболұлы