- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алла Пугачева Ресейге...
Алла Пугачева Ресейге оралғаннан кейін алғаш рет пікір білдірді
КСРО Халық әртісі Алла Пугачева шетелден Ресейге оралды. Желіде әртістің видеолары пайда болды. Бұл туралы Tengri Lifestyle жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
27 тамызда әнші Мәскеу көшелерінде көзге түскен. "Известия" журналисімен сұхбатында ол бәрі жақсы екенін, елде жүргеніне біраз болғанын айтқан. Қандай жоспарыңыз бар деген сұраққа Пугачева: "Жинастыру. Өз басымды, сенің басыңды" деп жауап береді.
Примадоннаның видеосын Instagram желісінде Пугачеваның стилисі, дизайнер Игорь Гуляев те жариялады. Гуляев хэштегтерді пайданалып, видео Мәскеуде оның бутигі жанында түсірілгенін атап өтті.
Кадрларда әнші есікті аяғымен ашып, көліктен түседі. Әңгіме барысында Пугачева Ресейге әлдеқашан оралғанын, бірақ оған келуге "жинала алмағанын" айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пугачеваның концерт директоры да РИА Новостиге әнші Ресейге "баяғыда келгенін" айтқан. Оның айтуынша, әзірге концерттер жоспарда жоқ.
Украинадағы оқиғалар басталғаннан кейін Алла Пугачева балалары және күйеуі Максим Галкинмен Ресейден кетіп, алдымен Израильде, содан кейін Латвияда тұрған болатын. Әншінің өзі оқиғаға қатысты көпшілік алдында пікір білдірмеді. Ал оның күйеуі орыс агрессиясын ашық айыптады. Соғысқа қарсы ұстанымы үшін әзілкеш "Первый канал" телеарнасындағы жұмысынан кетуге мәжбүр болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан