Алла Пугачева балаларымен бірге Ресейден Израильға кетіп қалды, - деп хабарлайды "Пятый канал".
Басылым мәліметінше, әнші бір ай бұрын ғана балалары Гарри мен Лизаның сабағына байланысты Ресейге оралыпты.
"Мектеп оқушылары жұлдызды анасымен бірге әуежайда жүр, бір ай ғана оқып үлгеріпті ғой", - деп жазады басылым.
Әнші "Внуково" әуежайынан Израильге ұшқан. Сонымен қатар, Пугачеваның Ресейге кері қайтатын ұшақ билетін алмағаны анықталды.
Еске салайық, Ресей-Украина қақтығысы басталғаннан кейін Алла Пугачева отбасымен бірге Ресейді тастап, алдымен Израильге, содан кейін Латвияға қоныстанған болатын.
Кейін Максим Галкин саяси көзқарастарына байланысты Ресей билігі тарапынан шетелдік агент ретінде танылған еді. Алайда билік "Мені де шетелдік барлаушылардың қатарына қосыңдар" деген Пугачеваның шағымын жауапсыз қалдырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!