- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- алкогольсіз сусын пайдасы мен зияны
Алкогольсіз сыраның денсаулыққа қалай әсер ететіні белгілі болды
"Medical On Group Мытищи" клиникасының эндокринолог дәрігері Виктория Литвинцева алкогольсіз сыраның алкоголь қосылғанынан еш айырмасы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru сайтына сілтеп.
Дәрігердің айтуынша, адамдардың көпшілігі алкогольсіз сыраны зиянсыз, кейде тіпті пайдалы сусын деп қате ойлайды. Дегенмен оның құрамы шын мәнінде спирті бар сырадан түк айырмашылығы жоқ.
"Алкогольсіз сусынның құрамында су, уыт, құлмақ және ашытқы болады. Бұлар сыраның құрамындағы қоректік заттарды шығарады. Сондықтан ол ағзаға кәдімгі сыра сияқты әсер етуі мүмкін", - деп түсіндірді сарапшы.
Сонымен қатар алкогольсіз сыраның құрамында этанол болатыны және оның мөлшері 0,5-тен 1,5 пайызға дейін жететіні айтылды. Одан бөлек, оның құрамында фитоэстрогендер де бар. Бұл ерлердегі тестостерон деңгейін төмендетеді, керісінше, әйелдерде оны арттыруы мүмкін.
"Алкогольсіз сыра қуық безіне әсер етуі ықтимал, өйткені оның құрамында несеп-жыныс жолдарын зақымдайтын заттар бар", - деп қосты маман.
Қоса кетейік, алкогольсіз сыраның жоғары калориялы өнім екеніне назар аударған жөн. Сондықтан оны шамадан тыс тұтынса, ағзадағы глюкоза деңгейі көтеріліп, артық салмақ пайда болуы мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Литпин