- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алкогольдің рұқсат етілген...
Алкогольдің рұқсат етілген қауіпсіз мөлшері бар ма? Нарколог жауап берді
Алкогольдің рұқсат етілген қауіпсіз мөлшері бар ма? Бұл сұраққа психиатр-нарколог Александр Борисычев жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru-ға" сілтеме жасап.
Жаңа жыл жақындап қалды, демек кешкі мерекелік дастарханда ішімдік те болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәлімдемесіне сәйкес, алкогольдің мүлдем қауіпсіз мөлшері жоқ.
Егер адам алкогольге тәуелділіктің даму қаупінің алдын алғысы келсе, алкогольді мүлдем ішпеуі керек, өйткені алкгогольдің кез келген мөлшері қауіпті арттырады.
АҚШ ұлттық денсаулық сақтау институты алкогольдің белгілі бір мөлшері жоғарылаған кезде адамға қауіп-қатер мен зардаптар артатыны туралы ұғым енгізді. Мысалы, 1 доза 50 мл арақ немесе 150 мл шарап немесе 350 мл сыра.
Яғни ер адамдарға күніне 4 доза немесе аптасына 14 дозадан артық ішпегені абзал. Яғни, күніне 200 мл арақ, 600 мл шарап немесе бір жарым литр сырадан артық емес. Ал әйелдер үшін талап қатаңырақ: күніне 3, аптасына 7 стандартты доза.
"Бұл сіздің денсаулығыңызға үлкен қауіп төндіретін және алкогольге тәуелділікті тудыратын мөлшер. Сондықтан бұл сандарды өмірге қауіп төндіретін шек ретінде түсінуге болады. Тағы да алкогольдің қауіпсіз дозасы жоқ екенін қайталаймын, бұл жәй ғана аңыз", - деді дәрігер.
Айта кетейік, бұған дейін алкоголь иісінен қалай қүұтылуға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қан плазмасы неден тұрады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә