Ванг-Вьенгтің танымал туристік орнындағы барлардың бірінен алкоголь ішкен 11 турист ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде 4 турист қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Dailymail.co.uk-ке сілтеме жасап.
Туристерге барда метанол (улы зат) қосылған алкоголь ұсынылған болуы мүмкін.
Бианка Джонсты емдеу үшін Лаостан Тай ауруханасына эвакуациялаған, алайда ол содан кейін қайтыс болып кеткен, ал оның құрбысы 19 жастағы Холли Боулз ауыр халде жатыр. Онымен бірге ауруханада 28 жастағы британдық адвокат Симона Уайт бар.
Құрбылар Ванг-Вьенгтегі түнгі кешке дейін өз хостелдеріндегі тегін арақты ішуге келіскен. Сусындарды ұсынған хостел менеджері Дуонг Дук Тоан қыздардың улануының себебі Tiger арағы емес екенін айтты. Ол алкогольді сертификатталған дистрибьютордан сатып алғанын және сусындарға ол немесе оның қызметкерлері ештеңе араластырмағанын айтты.
Менеджердің айтуынша, бұл алкогольдер шамамен 100 қонаққа берілген және хостелге басқа шағымдар түспеген. Өз сөзінің растығын дәлелдеу үшін тіпті сол күні кеште ұсынылған арақ бөтелкелерінің бірін ішіп, оның қауіпсіз екенін көрсеткен.
Жергілікті полиция улану жағдайын тергеуді бастады. Өлімге әкелетін алкогольдің қайдан келгені әлі белгісіз.
Еске салайық, Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха елімізде қанша ауыл ішімдіктен бас тартқанын айтқан болатын.
"Қазақстанда 97 ауыл ішімдіктен бас тартқан. Мысалы, Ақмола облысы - 5 ауыл, СҚО - 5 ауыл, Қарағанды облысында - 50 ауыл, Түркістан облысы - 7 ауыл, Қостанай облысы - 6 ауыл, Ақтөбе облысы - 5 ауыл, Жамбыл облысы - 5 ауыл, ШҚО - 4 ауыл, Қызылорда облысы - 3 ауыл, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары - 2 ауыл, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар облыстары - 1 ауыл. Бұл - шағын ауылдар. Ондағы халық "Енді ішімдік ішпейміз" деп шешім қабылдаған. Бұл олардың бастамасы. Біз осындай бастамадан соң мониторинг жүргіздік. Осылайша, бұл ауылдарда құқықбұзушылық бірнеше есе азайғанын байқадық", - деді Игорь Лепеха Сенат кулуарында.
Оқи отырыңыз: Бір жыл алкоголь ішпесеңіз, ағзада қандай өзгерістер болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!